
2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Жезқазған қаласының әкімдігімен бірлесіп, тыл еңбеккерлеріне арналған салтанатты құттықтау іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл азаматтар ауыр жылдарда ерен еңбегімен Жеңіске және еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқан.
Іс-шара барысында тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медальдары, гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табысталды.
Департамент басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің атынан құттықтаулар айтылды.
Тыл еңбеккерлері — ұрпақтар сабақтастығының тірі куәгерлері, сынбайтын рухтың, отансүйгіштік пен еңбек ерлігінің символы. Олардың өмір жолы — елге шынайы қызмет етудің үлгісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне шынайы алғысын білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарының қамқорлығы мен назарын тілейді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/992341?lang=kk
Жауап қалдыру