БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақтарды қалай алуға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы және мақсатты жинақтар (соның ішінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында) – БЖЗҚ-да атына шот ашылған адамның меншігі болып саналады және мұра ретінде беріледі. Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары (МЗЖ/МКЗЖ/ЕЗЖ) есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауы тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.
Егер жерлеу төлемінен кейін шотта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз сома қалса, ол да жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі.
Маңызды: мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған. Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет. 2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.
Куәлік алынғаннан кейін құжаттарды тапсыру тәсілдері:
• жеке өзі БЖЗҚ-ға бару арқылы,
• сенім білдірілген тұлға арқылы,
• пошта арқылы.
Егер құжаттар шет мемлекетте берілсе, олар аударылып, заңдастырылуы тиіс (егер Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көрсетілмесе).
Егер мұрагер – шетел азаматы болса, аударылған және қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған шетелдік төлқұжатты ұсынуы қажет.
Құжаттар толық тапсырылғаннан кейін, БЖЗҚ төлемді заңда белгіленген мерзімде жүргізеді.
Қосымша ақпарат пен құжаттар тізімі – www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның YouTube арнасында қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/993091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді