Елорда тұрғындарына «Жеңіс лентасы» таратылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыарқа ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акция өтті. Іс-шара аясында аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арнайы әзірленген «Жеңіс ленталары» сыйға тартылды.

 

Жеңіс ленталары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіне сай әзірленіп, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Сонымен қатар, ленталарда «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» деген жазу мен Мәңгілік оттың бейнесі салынған. Бұл – еліміздің бейбіт өмірін қамтамасыз еткен батыр бабаларға деген тағзым мен құрметтің белгісі.

 

Аталған акцияның мақсаты – Отан үшін жан аямай күрескен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу, жастар арасында патриоттық рухты нығайту және тарихи жадымызды сақтау.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/993182?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді