А.ИСМАИЛОВ: МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ ЖҮЗІНДЕ ЕМЕС, ІС ЖҮЗІНДЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

 

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін 3 (үш) маңызды мәселе қаралды:

  1. Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы;
  2. Ауыл округтердегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылуы және көктемгі көшет ету жұмыстары туралы;
  3. Қызылқия ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.

 

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Азизхан Исмаилов көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар мен мерзімдер жүктеді. Ол жұмыс сапасына ерекше мән берілетінін ескертіп, барлық бастамалардың қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуы қажет екенін айтты. Әсіресе, экологиялық акциялардың жоспарға сай тұрақты түрде жүргізілуін тапсырды.

 

Сонымен қатар мәжілісте талқыланған мәселелер – тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін салалар. Сондықтан қабылданған әр шешімнің нәтижесі нақты әрекетпен көрінуі тиіс. Бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деді аудан басшысы.

 

Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/993527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді