«Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!

«Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/226 Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-4 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:

Жалғызқарағай ауылдық округінің Қайнар ауылы:

– басқа қоныстар санатына жатқызылды;

– есептік деректерден шығарылды;

– оның аумағы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Жалғызқарағай ауылының құрамына енгізілді.

Ерназар ауылы:

Ақкөл қаласының әкімшілік бағынысынан шығарылып, Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілді.

 

Құрметпен,

Ақкөл ауданының әкімдігі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/press/news/details/993851?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді