
2025 жылғы 29 сәуірде Қостанай облысында тіл саясаты мен ғылым-білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланған мазмұнды кездесу өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары мен өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары қатысты.
Кездесуді Қостанай облысының мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов жүргізіп, құрметті қонақ ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова қатысып, тіл саласындағы маңызды ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Кездесуде қазақ тілінің ғылым, білім және БАҚ-тағы орны туралы кеңінен талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/993997?lang=kk
Жауап қалдыру