Павлодар облысы әкімінің өкімімен Людмила Құрманова өңірдің индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Людмила Рашидовна 1981 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2002 жылы Алматы Экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, ал 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын бітірген.

Өзінің кәсіби қызметін 2002 жылы Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастады, онда 2021 жылға дейін бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2021 жылы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды. 2021 жылдың тамызынан 2024 жылға дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/994525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді