
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса, Өрнек, Ақбаста, Қарасу ауылдық округінің тұрғындарын сұрақтарымен қабылдап, талап-тілектеріне назар аударды.
Қабылдауда болған Аса ауылының тұрғыны Жамила Жайылғанова әлеуметтік көмектер жайын сұраса, Шайдана ауылының бір топ қариялары елді мекендегі ескі мектепті балабақша айналдыру мәселесін көтерді. Ал Ақбастаулық аналар тұрғын үй мәселесін көтерді.
Тұрғындардың мәселесі бойынша заң аясында жауаптар беріліп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/995412?lang=kk
Жауап қалдыру