
Бүгін біз өз өмірімізді заманауи гаджеттерсіз елестете алмаймыз. Бірақ, жол қозғалысына қатысушылар ережелерді есте сақтауы керек.
– Мысалы, әлеуметтік желілердің мониторингі барысында көпшілікке Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Павлодар – Қызылорда тас жолында көлік құралын жүргізіп келе жатып, құлаққапсыз ұялы телефонмен сөйлесіп, сол арқылы көлік құралын телефонды немесе радиостанцияны жүргізу кезінде пайдалану ережелерін бұзған бейне жарияланды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Жыл басынан бері ұялы телефондарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін мыңнан астам жүргізушінің жолы кесілді.
Полиция департаменті аймақ тұрғындарынан жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды. Сіздің өміріңіз, жолаушыларыңыздың өмірі және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі сіздің әрекеттеріңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
“Заң және тәртіп” қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/995413?lang=kk
Жауап қалдыру