
Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты қала және аудандардағы 18 спорттық ұйымға жаңа автобустар сатып алынуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақсат — спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің жаттығу және жарыс орындарына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде қатынауын қамтамасыз ету. Жаңа автобустар облыстағы спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жас спортшылардың уақытын үнемдемек.
Бүгінде өңірдегі 20 спорттық ұйым жеңіл көлікпен, газельдермен және автобустармен қамтылған. Ал жаңадан алынатын көліктер тасымал құралы жоқ орталықтарға үлестірілмек.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме анықталып, автобустарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Көліктерді табыстау рәсімі тамыз айына жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sport/press/news/details/995414?lang=kk
Жауап қалдыру