
2025 жылы облыс бойынша Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында – 7 жазғы сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі – ЖСҰ) тұр, оның ішінде:
– маусымдық – 5 (Ақтөбе қ. – 3 («Шұғыла», «Campit», «Нефтяник»), Қобда ауданы – 1 («Әлия»), Хромтау ауданы -1 («Мугоджары»));
– жыл бойы жұмыс жасайтын – 2 (Ақтөбе қ. -1 «Әсем», Алға ауданы -1 «Күншуақ»).
Айта кетсек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары объектінің рұқсат беру құжаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады делінген. Қала сыртындағы лагерьлер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет.
Қазіргі таңда жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлердің СЭҚ бар. Ал маусымдық лагерьлерге санитариялық-қорытынды алу үшін өтініштер келіп түсуде.
Жоғарыда баяндалған негізінде, жазғы демалыс кезінде балалардың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент келесідей ұсыныстар береді:
- Жазғы маусым басталар алдында лагерьді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріп, СЭҚ алу.
- Лагерьлерге жыл сайын жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру.
- Объектінің жобалық қуатына сай лагерьге балаларды қабылдау.
- Жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында тамақтануды ұйымдастыру барысында лагерьлердің ас блогтарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң түрде сақталуын бақылауды күшейту.
- Жеткілікті көлемде төсек жабдықтармен, ыдыс–аяқ, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету.
- Ауыз су режимін ұйымдастыру.
- Персоналдарды оқыту, жеке медициналық тексерістен толық көлемде өткен жағдайда ғана жұмысқа қабылдау.
- Балалар сауықтыру ұйымдарында өндірістік бақылауды қамтамасыз ету.
- Медициналық пункт және изоляторларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/995556?lang=kk
Жауап қалдыру