
«Қызылорда Мұнай өнімдері» ЖШС–де өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Мақсат: мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардағы шартты өрт оқиғасы кезінде жеке құрамның өрт сөндіру жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу әдісін жетілдіру. Нысандағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің іс-қимылдарын, қызмет көрсететін жұмысшылардың өрт оқиғасы орын алған жағдайда өзін-өзі ұстау және қауіпсіз жерге шығу тәртібін жетілдіру.
Алдымен барлау жұмысы жүргізіліп, өрт ошағы анықталды. Штаб құрылып, күш-құралдар жұмылдырылып, өрт сөндіру барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы қадағаланды. Шартты өртті сөндіруге 12 техника (8 негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 3 автосаты, 1 штабтық автокөлік), 48 қызметкер жұмылдырылды.
Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов оқу-жатығуды қорытындылап, оң бағалап, жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстарды пысықтау қажеттігін айтты.
Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/995589?lang=kk
Жауап қалдыру