«Колледж пен әлеуметтік серіктестер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағдарлары» тақырыбында форсайт-сессия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда Қарағанды машина жасау колледжінің акт залында колледж бен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары мен тиімді нысандарын айқындауға арналған форсайт-сессия өткізілді.

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Сессия барысында кадрларды даярлау саласындағы өзекті үрдістер, серіктестіктің қолданыстағы үлгілері (дуальды оқыту, тәлімгерлік, жобалық жұмысқа қатысу) талқыланды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірленіп, алдағы ынтымақтастықтың нақты қадамдары келісілді.

Сессия қорытындысы бойынша колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара әрекеттестіктің қазіргі деңгейіне талдау жүргізіліп, мамандарды даярлау бойынша әлеуметтік серіктестердің қажеттіліктері айқындалды. Ынтымақтастықтың басым бағыттары келісілді, олардың қатарында практикалық оқытуды күшейту, дуальды білім беруді кеңейту және жұмыс берушілерді білім беру процесіне белсенді тарту бар.

Сонымен қатар, еңбек нарығының талаптарын ескеретін оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар дайындалып, 2025–2027 жылдарға арналған өзара іс-қимылдың алдын ала жол картасы жасалды және келісілді.

Форсайт-сессия білім беру жүйесі мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби диалогты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиімді алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-bilim/press/news/details/997138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді