Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік -аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес Сіздерді Майқайың кентінің 40 жыл Қазақстан көшесіне қайта атау мәселесі бойынша өтетін жергілікті қоғамдастық жиналысына шақырамыз. Жиналыс 2025 жылғы 16 маусым күні сағат 11.00-де Баянаулы ауданы, Майқайың кенті, «Кенші» мәдениет сауық орталығында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/998347?lang=kk
Жауап қалдыру