
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы «Қазақстанның үздік тауары-2025» өңірлік көрме-кокурсына өтінім қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.
Өтінімдер 2025 жылдың 1 маусымына дейін https://altynsapa.kz сайтында электронды түрде және Ақтау қ., 35 ш/а, 2 ғимарат, «Атамекен» ӨКП, 1 қабат, 101 каб. мекенжайы бойынша қағаз жүзінде қабылданады.
Байланыс нөмірлері: Гульнара +7 778 999 23 39, Наргиз +7 708 987 39 13
“Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме-конкурсы – жыл сайын жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар”;
2) “Халыққа арналған үздік тауарлар”;
3) “Үздік азық-түлік тауарлары”.
*Байқауға қатысу шарттарын түсіндіруге арналған семинар 2025 жылдың 5 мамырында, сағат 15:00-де «Атамекен» ӨКП конференц-залында (2-қабат) өтеді.*
Семинарға тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/1DoDUvWZO-zPiJsnkvZq6sY85SfLZqKvt4kWIJnzP2e4
Қосымша ақпаратты www.altynsapa.kz ресми сайтынан және байқаудың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан ала аласыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/998376?lang=kk

Жауап қалдыру