Балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазда балмұздақ ең көп сұранысқа ие десерт, бірақ оны сақтау үшін ерекше жағдайлар қажет.

Балмұздақтан улануды болдырмау үшін мыналарды есте ұстаған жөн:

  • балмұздақ дұрыс сақталмаған кезде өзіне тән емес дәмге ие болады, глазурь ақ жабынмен жабылған және біркелкі емес консистенцияға ие болады;
  • балмұздақтың жарамдылық мерзімі мынадай факторларға байланысты: түрі, дайындау технологиясы, орау әдісі, қаптама түрі, сақтау шарттары және ингредиенттері (бірнеше сағаттан 1,5 айға дейін). Сақтау ұзақтығына қаптаманың көлемі де әсер етеді, балмұздақтың орауы неғұрлым көп болса, сақтау және жарамдылық мерзімі де соғұрлым аз болады;
  • сауда желісінде балмұздақ сатып алғанда, камераның жай-күйіне де назар аударыңыз. Ол таза, бөтен өнімдер мен иіссіз болуы тиіс;
  • сатушылардың арнайы нысанды киімі және бас киімі болуы тиіс, олар бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалануы керек;
  • ісінген қаптама – мерзімі өткен балмұздақтың белгісі;
  • белмұздақты белгіленбеген сауда орындарынан және өлшеп сататын жерлерден сатып алудан бас тартыңыз. Сатушының медициналық кітапшасы мен өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын сұраңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/996841?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді