⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: ПРОКУРОРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️ ️⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: ПРОКУРОРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ ҚАРАЛДЫ
📌 Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексеру тағайындау туралы қаулысы негізінде «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-де еңбек заңдылықтарының сақталуына қатысты тексеру жүргізілді.
📌 Аталған тексеру қорытындысымен Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысы ағымдағы жылдың 22 мамырында Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Ә.Бекжанның, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Сапарқұловтың және Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма қызметкерлерінің қатысуымен қаралды.
📌 Жиналыс барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сейдуәліұлы «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-де жүргізілген тексеру қорытындысында анықталған еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы фактілеріне талдау жасады.
📌 Сонымен қатар, орын алған заңбұзушылықтарды жоюға, алдағы уақытта болдырмауға шаралар қабылдау және ол бойынша жауапкершіліктің рөлін арттыру мақсатында Департаменттің МЕИ – Ғалымжан Сейдуәліұлы ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, кемшіліктердің алдын-алу мәселелеріне қатысты заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1002574?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді