
Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің (БИЛ) оқушысы Самир Қасымов білім мен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жас дарын иесі бір мезетте 24 шетелдік университеттен шақырту алып, халықаралық деңгейде зор жетістікке қол жеткізді.
Самирдің қажырлы еңбегі мен терең білімі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Аустралия, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері секілді алпауыт елдердің жетекші университеттерін тәнті етті. Бұл – тек Самирдің ғана емес, барша қазақ жастарының білімге деген құлшынысының, ел болашағына дегенсенімінің белгісі.
Жас жеткіншектің бұл жетістігі – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен отбасының қолдауына негізделген үлкен жеңіс. Самир – ел намысын биіктетіп, Қазақстанның дарынды жастарының әлеуетін әлемге паш ететін тұлға.
Қабылданған университеттердің толық тізімі:
АҚШ:
- Queens University of Charlotte
- Bridgeport University
Қытай Халық Республикасы:
- HKUST (Guangzhou)
Англия:
- Liverpool University
- Brighton University
- Newcastle University
Австралия:
- Bond University
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ):
- The British University in Dubai
- Middlesex University Dubai
- University of Birmingham Dubai
- Murdoch University
Германия:
- Constructor University
Түркия:
- Üsküdar University
- Kadir Has University
- Aydın University
- Istanbul Gelişim University
- Istanbul Medipol University
- Işık University
- Istanbul Kültür University
- Istanbul Bilgi University
- Beykent University
- Istinye University
- Ankara Medipol University
- Bahçeşehir University
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1006442?lang=kk

Жауап қалдыру