«Ауыл-аманаты»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Наурызым ауданына 6 несие бөлу жоспарланған. Атап айтқанда:

  • Мал шаруашылығын дамытуға –2 несие;
  • Басқа жобаларға –1 несие;
  • Қайта өңдеу бағытына –1 несие;
  • Өсімдік шаруашылығына –1 несие;
  • Лизингке –1 несие.

Сондай-ақ 1 ауыл шаруашылығы кооперативін ашуға қаржыландыру қарастырылған.

Микрокредиттер үміткерлерге жеделділік, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыздық, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай шарттармен беріледі:
      микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.  

номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды;

кепілдік қамтамасыз етудің болуы;

негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг тәртібі

  1. Ауылдық елді мекендердің (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалалардың мынадай жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:

      1) жұмыссыздар;

      2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;

      3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;

       5) “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);

      6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.

      Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-naurzum-audany-akimat/press/news/details/1006440?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді