ТҮРКІСТАНДЫҚ БАҚДАУЛЕТ ДҮЙСЕНБЕК РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан жоғары медицина колледжінің 4 курсында оқитын Бақдәулет Дүйсенбек ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен “Talap” КЕАҚ ұйымдастыруымен өткізілген “Қазақстан Республикасының Үздік 100 студенті” республикалық байқауында жеңіске жетті.
Байқауға еліміздің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының белсенді жастары қатысып, түрлі жобаларын қорғады. Бақдаулет өзінің туған өңірін дамытуға арналған жобасын ұсынып, болашақ медицина маманы ретінде ел дамуына қосар үлесін, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мақсаттарын сәтті таныстыра білді. “Мейіргер ісі” мамандығында білім алып жатқан үздік студент байқау барысында өзінің кәсіби дайындық деңгейін, көшбасшылық қабілетін және азаматтық белсенділігін көрсете білді.
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1007642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді