
29 мамыр күні Балаларды қорғау күніне арналған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты республикалық онкүндік аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орталық мәдениет және демалыс саябағында ауқымды іс-шара ұйымдастырды.
Аталған іс-шара аясында кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары құтқарушылардың арнайы техникасы мен жабдықтарының көрмесін тамашалап,нағыз құтқарушылармен кездесті.
Сондай-ақ, қауіпсіздік бойынша интерактивті оқыту алаңдары ұйымдастырылды. Бұнымен қоса, бүлдіршіндерге анимациялық бағдарлама ұсынылды, онда олар қызықты байқауларға қатысып, сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.Балалар төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету ережелерімен және құтқарушы мамандығымен ойын түрінде танысуға тамаша мүмкіндік алды.
Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1008059?lang=kk
Жауап қалдыру