Жарқайың ауданында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен ведомствоаралық кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 2025 жылғы 8 мамырда Жарқайың ауданы полиция бөлімінің ғимаратында «Тәртіп пен қамқорлық жолы» жобасы аясында ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Кездесуді аудан прокуратурасы ұйымдастырды. Іс-шараға полиция қызметкерлері, пробация қызметінің өкілдері, аудандық аурухананың наркологдәрігері және жергілікті мешіттің имамы қатысты.

Кездесу барысында қоғамға қарсы мінез-құлықтың, оның ішінде ішімдікке салынудың құқықтық, медициналық және рухани салдары түсіндірілді.

Прокурорлар мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтты. Пробация қызметі алкогольдің бұрын сотталған адамдар арасында рецидивке себеп болатынын атап өтті. Нарколог-дәрігер ішімдіктің адам ағзасына зияны және емделу мүмкіндіктері туралы баяндады. Имам ішімдік пен зиянды әдеттердің рухани зиянына тоқталып, қатысушыларды имандылыққа шақырды.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында аяқталды. Жарқайың ауданының прокуратурасы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1009200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді