Тәуелсіздік саябағында жаңа ойын алаңы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Тәуелсіздік» саябағында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, орынбасары Руслан Ғұмар және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева қатысты.
Аудан басшысы балаларды мерекемен құттықтап, жаңа ойын алаңы бүлдіршіндерге тарту етілгенін атап өтті.
Шара барысында балалар асыр салып ойнап, ата-аналар алғыстарын білдірді. Көпшілік естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/1010467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді