Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Шымкент қаласы прокуратурасының қатаң қадағалауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала прокуратурасы азаматтарды жеткізудің 3 сағаттық мерзімінің сақталуы бойынша құқық қорғау органдарының ғимараттарына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Осындай тексерулер нәтижесінде, прокурорлар ағымдағы жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының ғимараттарында 3 сағаттан астам заңсыз отырған 33 адамды босатып, заңдылықты бұзушылыққа жол берген 18 лауазымды тұлға әр түрлі жауаптылыққа тартылды.

Біз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының мүлтіксіз орындалуын талап етуіміз керек, тіпті азаматтардың құқық қорғау органдарының ғимаратында бір минут негізсіз болуы да қабылданбайды және олардың құқықтарын бұзғандар үшін салдары болады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1010879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді