Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мун Дмитрий Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің халықпен өзара іс-қимылы және мемлекеттік цифрлық саясаттың басым бағыттарын түсіндіру бойынша жоспарлы жұмысы аясында вице-министр Дмитрий Мун Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында вице-министр өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға IT-қоғамдастықтың өкілдері, телекоммуникация операторлары, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылар цифрландырудың негізгі аспектілерін, АКТ инфрақұрылымын дамытуды және мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Дмитрий Мун цифрлық технологиялар азаматтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн форматта қолжетімді, ал пайдаланушылардың 90%-ы мобильді қосымшаларды пайдалануды жөн көреді. Тек 2024 жылы цифрлық құжаттар сервисі 292 миллионнан астам рет пайдаланылды.

Кездесу барысында «Көрінбейтін Үкімет» жобасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жоба өмірлік жағдайларды автоматтандыруға бағытталған. Мысалы, аталған жоба аясында бала туған кезде құжаттарды рәсімдеу енді смартфон арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мектептегі тамақтандырудың ашықтығын қамтамасыз ететін және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалайтын «Әлеуметтік әмиян» сервисі енгізілді.

Вице-министр өңірдегі интернет инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 206 ауылдық елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желілеріне, тағы 24 ауылды спутниктік байланысқа қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда бұрын анықталған мобильді байланыс деңгейі төмен 49 аймақтың 26-сы байланыспен қамтамасыз етілген, қалғандары 2025 жылдың соңына дейін қосылады. Облыстағы 5G базалық станцияларының саны 84-ке жетті, ал автожолдар бойында тұрақты сигнал мен цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 17 антенна-мачталық құрылымның құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік және әлеуметтік сервистерге жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қарастырылып, олардың тиімділігі мен сапасын арттыру жолдары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1009102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді