
«Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» акциясы аясында кездесу өтті.
«Отбасылық үлгідегі балалар ауылының» ұл-қыздары ШҚО ТЖД-не барып, өрт сөндіру көліктерін, құтқарушылардың нағыз киімдерін өз көздерімен көріп, маңызды білім алды, балалар өрт-құтқару спортының чемпиондарымен танысып, олардың жетістіктеріне куә болды. Балаларға құтқарушылар мұражайына экскурсия да ұнады.
Нағыз құтқарушы ретінде өздерін сезінген сол сәт – балалардың есінде ұзақ сақталады.
Мұндай кездесулер қызықты саяхат қана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретудің тиімді тәсіліне айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1007111?lang=kk

Жауап қалдыру