АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен жеке инвестиция тарту бағытында жиын өтті.
🔹 Жиынға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты. Басқосуда қатысушылар ағымдағы жылы жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар туралы баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.
🔹 Аудан әкімі тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, инвестиция тарту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан дамуының басты басымдықтары екенін ерекше атап өтті.
🔹 Жиын соңында аудан басшысы барлық жауапты тұлғаларды бірлесе әрекет етіп, берілген тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауға шақырды.
#ШыңғырлауИнвестиция #АуылДаму #ЖұмысОрындары #ауданжаңалықтары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1006850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді