
Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар
- Көп балалы отбасылар тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады ма?
Жауап:
Тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 13 бабының, 8 тармағында көрсетілген азаматтар құқылы. Бұл тармақта «Көп балалы отбасылар» көрсетілмеген.
- Пәтер алуға кезекке қалай тіркелуге болады?
Жауап: Тұрғын үйге кезекке тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы жеке тұлға ретінде «Kezekte.kz» порталының «Shanyraq» бөлімінде өтініш беру қажет.
- Қандай азаматтар тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқылы?
Жауап: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар.
- 1 топ мүгедектері тұрғын үйді жекешелендірге құқылы ма?
Жауап:
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедектер тұрғын үйді жекешелендіре алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1006647?lang=kk

Жауап қалдыру