
Қызылорда қаласында өткен Жергілікті атқарушы органдар арасында республикалық спартакиадаға облыстық іріктеу жарысы бағдарламасының баскетболдан ерлер арасында өткен жарыста Жаңақорған ауданының мемлекеттік қызметкерлері жеңімпаз атанды.
Команда құрамында өнер көрсеткен:
Жолдасбеков Алмас – аудандық маслихат аппаратының басшысы
Керімбеков Мақсат – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Тұрапов Жасұлан – ауылшаруашылығы мен жер қатынастар бөлімінің бас маманы
Айтамағанбетов Бексұлтан – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Сейтқасым Нұрқасым – Қожамберді ауылдық округінің әкімі
Нұрлыбеков Дінмұхамед – Қожамберді ауылдық округінің бас маманы
Жеңімпаз команда маусым айында Өскемен қаласында өтетін Республикалық спартакиадаға жолдама алды.
Сондай – ақ, баскетболдан әйелдар арасындағы тартысты бәсекеде 8 команда қатысқан, ішінен 3-4 орындарға таласқа түскен соңғы сәтте Жалағаштан бір ұпай кем алып, 4 орынға жайғасты.
Команда құрамында:
Мырзабаева Назерке – Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы
Туребекова Меруерт – М.Нәлібаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Исабекова Аякөз – Қыркеңсе ауылдық округінің бас маман-есепшісі
Сапиева Мейрамкүл – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы
Ақшабақова Гүлнұр – Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1006308?lang=kk

Жауап қалдыру