«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🔹Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан аналарды құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
🔹– «Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деге аталы сөз бар. Сіздер, мемлекетіміздің демографиялық әлеуетін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өздеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Мемлекеттік наградаларыңыз құтты болсын!» – деді Амалбек Дәркенұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығына сәйкес, ауданымызда 36 көпбалалы ана марапатталды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1005681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді