
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аясында өткізілген «МӘДЕНИЕТ – РУХАНИ ӨМІРДІҢ МӘЙЕГІ» атты салтанатты жиында мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбектері мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Жұмағазы Қайыпұлы, Күлзакира Жәпішқызы және Гүлзада Жамбылқызы «Мәдениет жанашыры» төсбелгісімен марапатталды.
Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман ретінде өнерге берілген өнерлі жандар.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз. Қашан да мәдениеттің жанашыры ретінде жұмыстарыңызды абыроймен атқарып, еңбектеріңіз әрқашан да жоғары деңгейде көрініс табуына тілектеспіз!
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1005120?lang=kk

Жауап қалдыру