
«SAMGAU» қосымша білім беру орталығының «ЖАРҚЫРА – ЖҰЛДЫЗ» атты есеп беру концерті өтті
2025 жылғы 29 мамыр күні №15 мектептің концерт залында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жүзеге асыру аясында жеке кәсіпкер Канагатов Саматтың жетекшілігімен жұмыс істейтін «SAMGAU» қосымша білім беру орталығының «ЖАРҚЫРА – ЖҰЛДЫЗ» атты есеп беру концерті өтті.
Шара барысында орталықың жүзден астам тәрбиеленушілері өздерінің жыл бойғы еңбектерінің жемісін көрермен назарына ұсынып, ұлттық би өнері арқылы көпшілікті тәнті етті. Кішкентай орындаушылар домбырамен күмбірлете күй шертіп, гитарада әуезді әуендер орындап, өз шеберліктерін көрсетті.
Концертке қатысқан өнерпаз балалар түрлі республикалық конкурстардың лауреаттары мен гран-при иегерлері. Олардың жарқын өнері мен қажырлы еңбегі үлкен болашақтың бастауы екені сөзсіз.
Осындай іс-шаралар жас таланттарды қолдап, шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосатыны анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1013514?lang=kk

Жауап қалдыру