
Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, Шайхана елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
– Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан ауылдық округ әкімі және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді, қажетті құрал-жабдықтардың сапасына аса мән беріп, сапалы құралдар және техникамен жабдықтау қажет,- деді аудан әкімі.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары «STANDARD SAMPLE » тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысанның іргетасы құйылып, кірпіш қалау және шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014939?lang=kk

Жауап қалдыру