
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 11 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Оразалина, «Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филалының өкілі Е. Абдрахимовтың қатысуымен «Казпошта» АҚ-ның Кеген аудандық бөлімшесінің ұжымында халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында зейнетақы және жәрдемақылардың тағайындалуы, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мәселелері түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстарының соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандармен жан-жақты жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1015458?lang=kk
Жауап қалдыру