«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Костряков ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Костряков ауылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстар шеңберінде жол жиегі мен қоғамдық аумақтарда шөп шабу, қоқыс жинау, қураған шөп пен бұтақтарды тазарту және шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға, жазғы мезгілде өрттің алдын алуға және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Аталған жұмыстарға қоғамдық қызметкерлер, ауыл әкімдігінің мамандары және бастаманы қолдаған жергілікті тұрғындар белсене қатысуда. Ортақ күш-жігер арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениеті артып, тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілік нығаюда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1015591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді