Аршалы ауданы прокуратурасымен аудандық сот, Астана қаласының ПД, сондай-ақ психологтар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен профилактикалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде елді мекен жастарының қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, жыныстық қолсұқпаушылықты сақтау, нашақорлықтың зиянды әсері, есірткі заттарын тарату және қолдану сияқты заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін жауапкершілік, буллинг мәселелері, сондай-ақ жастардың қоғамда қауіпсіз және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыруға және құқықбұзушылық жасаған жағдайда туындайтын салдарлар туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012373?lang=kk
Жауап қалдыру