Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ЖАС ТҮЛЕК ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ОҚУҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ
✔️Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді.
✔️Білімге деген құлшынысы мен табандылығының арқасында жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды.
✔️Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) университетінен 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алды.
✔️Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық.
✔️Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
ТУРКЕСТАН: ВЫПУСКНИК ИЗ КЕЛЕСА ПОЛУЧИЛ ПРИГЛАШЕНИЯ НА ОБУЧЕНИЕ ИЗ СТРАН ЕВРОПЫ
✔️Ученик 11 класса школы-гимназии №2 имени Ө.Жәнібекова, подведомственной отделу образования Келесского района, Арманулы Абубакир добился большого успеха, получив несколько международных образовательных грантов от зарубежных вузов.
✔️Благодаря стремлению к знаниям и упорству, молодой абитуриент получил приглашения на обучение от престижных университетов Франции, Италии, Литвы и Малайзии.
✔️В частности, он получил:
50% учебный грант от John Cabot University (Италия, Рим),
70% учебный грант от American University of Paris (Франция),
частичный грант от LCC International University (Литва),
а также полную четырёхлетнюю стипендию от Xiamen University Malaysia.
✔️Это результат многолетней работы ученика и систематической подготовки. Безусловно, большую роль в достижении сыграли поддержка родителей, труд и наставничество учителей. Особенно стоит отметить профессиональную помощь учителя английского языка и классного руководителя Улыкбека Бердалиева.
✔️В настоящее время Арманулы Абубакир также ожидает положительных результатов от международной стипендиальной программы правительства Турции Türkiye Bursları, American University in Bulgaria (Болгария), а также от университетов Южной Кореи.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1011728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді