Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі бірнеше күнге жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылының Манас көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі бөлігіне жоғарғы жол жабынын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 4-7 маусым аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Сонымен қатар, 4 маусым күні сағат 22:00-ден 5 маусым күні сағат 13:00-ге дейін Абылай хан даңғылы мен І.Жансүгіров көшесінің қиылысы толығымен жабылады.

Автобус маршруттарының өзгеру схемасымен жоғарыда көрсетілген схемадан танысуға болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1011578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді