Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейорда және Қазталов аудандарында терроризмге қарсы күрес бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Бөкейорда және Казталов аудандарында терроризмге бағытталған жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығулар ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен және аудандық терроризмге қарсы жедел штабтарының қатысуымен өтті.

Жаттығулардың мақсаты:

Террористік қатерлерді ерте анықтау және бейтараптандыру тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда күштік және арнайы құрылымдардың бірлескен іс-қимылдарға дайындығын деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығулар барысында  пысықталған негізгі элементтер:

  • дағдарыс жағдайы туралы бастапқы ақпаратты өзара жедел жеткізу және хабардар ету тетіктері;
  • шартты құқықбұзушыны іздестіру іс-шаралары және одан кейінгі бейтараптандыру;
  • шартты қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау ұйымдастырылуы.

Негізгі назар барлық қызметтердің нақты іс-қимылдарын үйлестіру мен ахуалдың жедел өзгеруі жағдайында шешім қабылдау жылдамдығына аударылды.

Оқу-жаттығулардың нәтижелері:

Аудандық жедел штабтар жинақтаған тәжірибелерін тиімді көрстті, бұл олардың дайындық деңгейінің айтарлықтай артқанын айғақтайды.

Оқу-жатығу барысында анықталған кейбір кемшіліктер болашықтағы жоспарлы теориялық және практикалық сабақтарда ескерілетін болады.

Жедел қатерлерге уақытылы және кәсіби тұрғыда әрекет ету – ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі

  

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Батыс Қазақстан облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1017968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді