Құрметті Целинное ауылының тұрғындары!
Тазалық – өз қолымызда! Ауылымызды бірге жайлы және өмір сүруге қолайлы етейік!
Целинное ауылында, Дружба ауылдық округіне қарасты, жоспарлы қоқыс пен органикалық қалдықтарды шығару жұмыстары «Целинное-2004» ЖШС-нің күшімен жүргізілуде. Қалдықтар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жөнелтіліп, арнайы утильдеу аймағында санитарлық талаптарға сай жинақталады.
Әрқайсымыз ауылды көркейтуге өз үлесімізді қоса аламыз!
Қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға ғана тастауыңызды сұраймыз – бірге тазалық пен тәртіпті сақтайық!
Ауыл аумағында бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді, ол тәртіптің сақталуын қадағалайды. Қалдықтарды дұрыс орналастырмау – қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Қоршаған ортаны құрметтеңіздер
Көршілеріңізге үлгі болыңыздар
Ауылымыздың болашағына бейжай қарамайық
Сіздің белсенділігіңіз – тазалық пен жайлылықтың кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1017875?lang=kk
Жауап қалдыру