
Түркістан облысы Полиция департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов кезекті азаматтарды қабылдау жиынын өткізді. Қабылдауда қылмыстық істерді тергеуге байланысты өзекті мәселелер мен өңір тұрғындарын толғандырған басқа да маңызды тақырыптар қаралды.
Азаматтар полиция департаментінің басшылығына бейнеконференция арқылы онлайн-форматта да жеке жүгінді. Полиция полковнигі Қ.Сахов әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, ал олардың бірнешеуін жеке бақылауға алды.
Азаматтармен тығыз қарым-қатынас, қоғаммен ашық диалог – полиция жұмысының негізгі қағидаттары болып қала береді. Бұл нақты мәселелерді шешуге және өтініштерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар халықтың полиция қызметіне деген сенімін нығайтуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1003633?lang=kk
Жауап қалдыру