Степановка ауылында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жобаның бастамашысы «Восток-1» ЖШС. Шаруа қожалығының өндірістік қуаты жылына 9 мың тонна сүтті құрайды, 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылысқа 19,99 га жер телімі бар. Инвестицияның жалпы сомасы 6,235 млрд теңге, оның 2,35 млрд теңгесі меншікті қаражат, 3,885 млрд теңгесі «СПК Тобыл» АҚ несиесі.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 жылғы қаңтар – 2024 жылғы желтоқсан.

Үш өндіріс орны (сиыр қора, бұзау, сауынхана) және әкімшілік-тұрмыстық ғимарат салынды.

Даниядан 400 бас ірі қара, Ресейден 203 бас құнажын әкелінді. Қазіргі таңда 1 бас басынан орташа тәуліктік сауылатын сүт 26 литрді құрайды.

Сүт фермасы 2024 жылдың 25 желтоқсанында техникалық дайындық актісімен пайдалануға берілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1003625?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді