ХҚКО қызметкерлері сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін мемлекеттік қызметшілермен тең жауапкершілікке тартылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және заңның үстемдігі қағидаттарын нығайту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Жылдың басынан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне ресми түрде теңестірілді және олармен байланысты кез келген қылмыстар үшін толық жауапкершілік қаралады.

Заңнамадағы өзгерістер туралы кеңінен хабардар ету, парасаттылық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент, «Amanat» партиясының қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өкілдері, сондай-ақ, Шымкент қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Іс-шарада ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралар талқыланды.

Қарамағындағы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша қажет шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Бұл бастама ХҚКО жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік ұйымдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Шымкент қаласының ХҚКО-ларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс тұрақты жалғасатын болады.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/1003031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді