
Санкт-Петербург, 2025 жылғы 19-21 мамыр – XIII Петербург халықаралық заң форумына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен ҚР Әділет министрлігінің өкілдері барды.
Іс-шара барысында Министр қатысушыларды мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ «Digital Justice» жобасы шеңберінде әділет органдарын цифрлық трансформациялау барысы туралы айтты.
Форумға қатысушылар ҚР Әділет жүйесін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті және одан әрі тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1002519?lang=kk
Жауап қалдыру