
Қаламызда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Жоба инвесторы — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «АК Алтыналмас» АҚ. Мердігер ұйым — Tansu Construction.
Қазіргі таңда жер жұмыстары жүргізілуде: құнарлы топырақ қабаты алынып, топырақ өңделуде. Сондай-ақ, құрылыс орнында қоршау орнату және жүк көліктерінің дөңгелектерін жууға арналған алаң ұйымдастыру мәселелері талқыланып, келісілді.
Барлық жұмыстар техникалық тапсырмаға сай және жергілікті атқарушы органмен келісілген түрде жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1025965?lang=kk

Жауап қалдыру