Астанада 6 шілде күні отшашу атылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 6 шілдеде – Елорда күніне орай мерекелік салют атылады. Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салюттің шамамен басталу уақыты – сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1030362?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді