ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 13 наурызда сағат 15.00-де, жеке қабылдауы сағат 16.00-де ауылдық мәдениет үйінде (Қарақай а/о, Сәтпаев ауылы Құрманғазы көшесі №44), өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99,
5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 11 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/947364


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді