
6 шілде күні сағат 12:00-де облыс орталығының басты сахнасында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп, Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұлттық музыкалық аспап-домбыра күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Мерекенің басты оқиғасы ауқымды флешмоб болған: Бір уақытта 500 домбырашы ұлы қазақ композиторы Тәттімбет Қазанғапұлының әйгілі күйлерін орындаған.
Іс-шараға қаланың және концерттік бірлестіктің жетекші домбырашылары, мерекенің арнайы қонағы – Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-madeniet/press/news/details/1032152?lang=kk

Жауап қалдыру