
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесе отырып, «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың рөлі» тақырыбында семинар-тренингі болып өтті.
Семинарға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының толық құрамы, қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, Жамбыл облысы прокуратурасының өкілі, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала,аудан әкімі аппаратының басшылары, қала/аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық бөлімінің басшылары, қала/аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қалалық, аудандық газеттердің бас редакторлары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1032852?lang=kk

Жауап қалдыру