
Ақсуат ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық сананы тазалыққа үндейтін “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.
Ақсуат аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Қуанышев Естай тұрғындармен кездесіп, акцияның мәні мен маңызын түсіндірді. Полицей қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастау, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту секілді негізгі қағидаларға тоқталды.
— “Таза Қазақстан” акциясы — әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін оятатын маңызды шара. Мұндай бастамалар ауылдардың көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына сеп болады, — деп атап өтті полиция капитаны Қуанышев.
Іс-шара барысында учаскелік инспектор тазалықты сақтау бойынша ұсыныстар айтып, тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.
Полиция қызметкерлері осындай акциялар арқылы халықпен тығыз байланыс орнатып, ортақ жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1034312?lang=kk

Жауап қалдыру